Түркияның үй жиһазы өнімдері экспорты артты

Түркияның үй жиһазы, қағаз және орман өнімдері экспорты  2020 жылының алғашқы сегіз айында 3,5 миллиард доллар ретінде тіркелді.

1487238
Түркияның үй жиһазы өнімдері экспорты артты

Түркияның үй жиһазы, қағаз және орман өнімдері экспорты  2020 жылының алғашқы сегіз айында 3,5 миллиард доллар ретінде тіркелді.

Стамбұл  үй жиһазы, қағаз және орман өнімдері экспортшылар одағы төрағасы Ахмет Гүлеч бұл санақтың 2,1 миллиард долларын үй жиһазы құрағанын білдіріп, "12 миллиард долларлық өндіріс күшімен Түркияның үй жиһазы секторы әлемнің 13-ші үлкен өндіруші деңгейінде орын алуда. Экспорттың артуы маусым және шілде айында жалғасты және тамыз айында жоғарғы деңгейге жетті. Өткен жылдың бірдей мезгілемен салыстырғанда үй жиһазы экспортымызда болған арту 5 пайыз ретінде тіркелді" деді. 

Үй жиһазы секторының осы жылдың 8 айында ең көп экспортты Германия, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Ирак және Ливияға жасағанын түсіндірген Гүлеч "Жаңа коронавирус індетіне қарамастан алғашқы 8 айда Америка нарығына экспортымыз 6 пайыз артты. Маусым және шілде айында тек Қытайға жасалған экспортымыз 150 пайыз артты. Израиль және Франция нарығындағы ықпалымыз да барған сайын артуда" деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар