Сабиха Гөкчен әуежайы Еуропада бесінші болды

Стамбұл Сабиха Гөкчен әуежайы соңғы екі аптада ұшақ рейсі ең көп артқан 3-ші әуежай болды.

1483050
Сабиха Гөкчен әуежайы Еуропада бесінші болды

Еуропа Әуе қатынасы басқару орталығының (Eurocontrol) санағына қарағанда Стамбұл Сабиха Гөкчен әуежайы 26 тамыздағы 453 ұшақ рейсімен Еуропадағы әуежайлар арасында күндік ұшақ рейсі тұрғысынан бесінші орынды иеледі және алғашқы бес орынға жеткен жалғыз түрік әуежайы болды.

26 тамыздағы ең көп ұшақ рейсіне жеткен әуежай 772 ұшақ рейсімен Амстердам әуежайы болды.

Париж Charles De Gaulle  әуежайы 755 ұшақ рейсімен екінші орынды иеледі.

565 ұшақ рейсімен Франкфурт әуежайы үшінші, 458 ұшақ рейсімен Афины әуежайы төртінші орынды иеледі.

26 тамызда Еуропадағы барлық әуежайлардағы ұшақ рейсі саны 16 мың 804 болды. 

Еуропа Әуе қатынасы басқару орталығының (Eurocontrol) санағына қарағанда соңғы екі аптада Стамбұл Сабиха Гөкчен әуежайы ұшақ рейсі 7 пайыз артты.

Стамбұл Сабиха Гөкчен әуежайы осы артумен соңғы екі аптада ұшақ рейсі ең көп артқан 3 әуежай болды.    



Ұқсас жаңалықтар