Түркия экономикасының іргетасы мықты

Албайрак твиттер арқылы осы жылдың екінші ширегіне байланысты өсу санақтарын мәлімдеді.

1482070
Түркия экономикасының іргетасы мықты

Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак таза ұлттық кіріс деңгейінің әлем елдерімен салыстырғанда жақсы жағдайда екенін білдіріп" Түркия экономикасының іргетасы мықты" деді. 

Албайрак твиттер арқылы осы жылдың екінші ширегіне байланысты өсу санақтарын мәлімдеді. 

Әлем экономикасы тоқырауға беталған ғасырдың апаты жаңа коронавирус індетінің ықпалының осы жылдың екінші ширегінде сезілгеніне назар аударған Албайрак "Нашар көрсеткіштердің керісінде таза ұлттық кіріс деңгейіміз әлем елдерімен салыстырғанда жақсы нәтижеге жетті. Түркия экономикасының іргетасы мықты" деген сөздер қолданды. 

Албайрак Түркия экономика үлгісінің жұмыспен қамтамасыз етуге негізделгенін және өндірістің азаматтардың қасында болғанын баяндап, осындай  бір экономика үлгісімен Түркияның осы жылды жақсы нәтижемен аяқтайтынын айтты. Албайрак "2021 жылына пандемияның іздерінен құтылып кіруге табандымыз. Алла бұйырса таза ұлттық кірістің жақсы нәтижесін көреміз" деді. 

Албайрактың мәлімдемесінде әлем елдерінің екінші ширегінің таза ұлттық кіріс санақтарына тоқталды. Осы бойынша Америка Құрама Штаттарында 31,7 пайыздық кішіреюмен тізімде бірінші орын иеледі. Ұлыбританияның екінші ширектегі кішірею деңгейі 22,8 пайыз болды. 

Еуропа Одағында орташа есеппен 14,1 пайыздық кішірею байқалса, "Үлкен жетілік" тобы елдері орташа есеппен 11,9, пайыз, Мұнай экспорт еткен елдер ұйымы (OECD) орташа есеппен 10,9 пайыздық кішірею болды. 

Түркия сәуір-маусым кезеңінде  9,9 пайыздық кішіреюмен тізімнің аяғында орын алды. 

 



Ұқсас жаңалықтар