Түркияның газ импорты азайды

Түркия Әзербайжаннан биыл 5 миллиард 444 миллион 99 мың текшеметр табиғи газ импорт етті.

1478409
Түркияның газ импорты азайды

Түркияның жалпы табиғи газ импорты биылғы қаңтар-маусым айларында 2019 жылмен салыстырғанда 3.5 азайып, 22 милиион 46 мың текшеметр болды. 

Түркия ағымдағы жылдың алғашқы жартысында ең көп табиғи газды 5 миллиард 444 миллион 99 мың текшеметрмен Әзербайжаннан импорт етті.

Әзербайжаннан алынған газ мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 23.4 пайыз артты. Бұл артуда Транс Анадолы Табиғи газ құбыр желісінен (ТАНАП) келген газ мөлшерінің артуы себеп болды.

Осы мезгілде Ресейден импорт етілген газ мөлшері 41.5 пайыз төмендеп, 4 миллиард 678 миллион 66 мың текшеметрге азайды. Өткен жылғы ұқсас мезгілде Ресейден 7 миллиард 993 миллион 86 мың текшеметр газ импорт етілген  және Ресей ең көп газ импорт етілген ел болған еді.

Ираннан алынған газ мөлшері 46 пайыз азайды және 2 миллиард 29 миллион текшеметр болды. Ираннан сәуір-мам ыр-маусым айларында табиғи газ импорт етілмеді. 



Ұқсас жаңалықтар