ЕО мүше елдерге қаржылай көмек береді

Осы бағытта ЕО кеңесіне ұсыныс берілді.

1478407
ЕО мүше елдерге қаржылай көмек береді

Еуропа Одағы коронавирус шеңберінде өзіне мүше 15 елдегі жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламаларына шамамен 81 миллиард евро қаржылай көмек берілуін ұсынды.

ЕО комиссиясы эпидемия себебімен дайындалған "SURE" атты жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде сұраныс берген 15 елге қаржылай көмек беру үшін ЕО кеңесіне ұсыныс берілгенін білдірді.

Осыған орай Италияға 27,4 миллиард евро, Испанияға 21,3 миллиард евро, Польшаға 11,2 миллиард евро, Бельгияға 7,8 миллиард евро, Румынияға 4 миллиард евро, Грекияға  2,7 миллиард евро, Чехияға 2 миллиард евро, Словенияға 1,1 миллиард евро, Хорватияға 1 миллиард евро, Словакияға 631 миллион евро, Литваға 602 миллион евро, Болгарияға 511 миллион евро, Кипр понти әкімшілігіне  479 миллион евро, Мальтаға 244 миллион евро  және Латвияға 192 миллион евро ,  барлығы 81 миллиард евро несие беріледі.



Ұқсас жаңалықтар