"Қаратеңізде ашылған табиғи газ резервінің экономикалық құны 80 миллиард доллар"

Халықаралық энергетикалық агенттік төрағасы Фатих Бирол мәлімдеме жасады.

1478240
"Қаратеңізде ашылған табиғи газ резервінің экономикалық құны 80 миллиард доллар"

Халықаралық энергетикалық агенттік төрағасы Фатих Бирол Түркияның Қаратеңізде ашқан 320 миллиард текшеметрлік табиғи газ орнының экономикалық құнының 80 миллиард доллар деңгейінде екені атап көрсетілді. 

Фатих Бирол Анадолы агенттігіне (AA) жасаған мәлімдемеде аталмыш жаңалықтың Түркия экономикасы мен энергия саласына аса маңызды үлес қосатынын білдірді. 

«Халықаралық салада мұнай мен табиғи газ алаңдары белгілі категорияларға бөлінеді. Сакария табиғи газ алаңы категориялық тұрғыдан үлкен аймаққа саналады» деген Бирол «Сондай-ақ Түркия ашқан бұл алаң әлемнің соңғы кезеңдегі ең маңызды жаңалықтардың бірі. Салыстыратын болсақ, бұл жаңалық Солтүстік теңізде 2010 жылынан бері Норвегия тапқан бүкіл табиғи газ алаңдарына тең болып қабылданады» деді. 

Бирол Түркияның өз табиғи газ өндірісін арттыруымен шетелге бағыныштылығын азайтатынын атап көрсетті. 

Бұл жаңалықтың Түркияның халықаралық табиғи газ келіссөздері мен тұтынушы табиғи газ бағаларына болымды ықпал етуін күткендерін білдірген Бирол «Есебімізге қарағанда алаңда ашылған табиғи газдың экономикалық құны 80 миллиард доллар деңгейінде» деді. 



Ұқсас жаңалықтар