7 мың адам жұмыстан шығарылады

Бұл туралы компания хабарлады.

1475153
7 мың адам жұмыстан шығарылады

Ұлыбританияның алдынғы қатарлы компанияларының бірі Marks & Spencer  7 мың кісіні жұмыстан шығарады.

Компанияның хабарламасында коронавирус эпидемиясынан туындаған шарттарға орай келесі үш айда барлығы жеті мың адамның жұмыстан шағыралатыны айтылды.

Компанияның интернеттегі саудасының жақсы жүріп жатқанына, қарамастан дүкендердегі саудасының өте төмен екені айтылды. Компания дүкендер қайта ашылған 15 маусым күнінен бері сауданың өткен жылмен салыстырғанда 47,9 пайыз азайғанын білдірді.

Компанияда қазір қырық мың адам жұмыс істейді.


Этикеттер: #сауда , #дүкен , #компания

Ұқсас жаңалықтар