Түркияның  жеміс-жидек пен көкөніс экспорты артты

Түркиядан шілде айында Ресей Федерациясына жасалған жеміс-жидек пен көкөніс экспорты 51,72 пайыз артып, 44 миллион 231 мың доллардан 67 миллион 106 мың долларға шықты.

1474931
Түркияның  жеміс-жидек пен көкөніс экспорты артты

Түркияның Ресей және Германияға жеміс-жидек пен көкөніс экспорты артты.

Түркия экспортшылар мәжілісі және Улудаг экспортшылар одағының мәліметіне қарағанда жеміс-жидек пен көкөніс секторының экспорты  шілде айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 41,36 пайыз артып, 186 миллион 169 мың долларға көтерілді. 

Сектордың қаңтар-шілде маусымындағы экспорты болса 2019 жылының бірдей мезгілімен салыстырғанда жаңа коронавирус індетінің ықпалына қарамастан 24,43 пайыз артып, 1 миллиард 364 миллион 609 мың долларға ұласты. 

Түркиядан шілде айында Ресей Федерациясына жасалған жеміс-жидек пен көкөніс экспорты өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда  51,72 пайыз артып, 44 миллион 231 мың доллардан 67 миллион 106 мың долларға шықты. 

Бұл елге қаңтар-шілде маусымындағы экспорт болса өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда 34,44 пайыз артып, 463 миллион 831 мың долларға жетті.  

Жеміс-жидек пен көкөніс экспортында Ресейден кейін Германия орын алуда. Германияға жасалған экспорт 41,63 пайыз артып, 44 миллион 844 мың долларға ұласты.  

Бұл елге қаңтар-шілде маусымындағы экспорт болса өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда 12 пайыз артып, 163 миллион 443 мың доллар болды.



Ұқсас жаңалықтар