Голландия әуежолы 5 мың кісіні жұмыстан шығарады

Голландия Ұлттық Әуежолы компаниясы коронавирус себеп болған экономикалық дағдарысқа орай келер жылы 5 мың қызметкерді жұмыстан шығаруды жоспарлағандарын хабарлады.

1465251
Голландия әуежолы 5 мың кісіні жұмыстан шығарады

Голландия Ұлттық Әуежолы компаниясы (KLM) жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себеп болған экономикалық дағдарысқа орай келер жылы 4 мың 500 бен 5 мың арасында толық жұмыстағы қызметкерді жұмыстан шығаруды жоспарлағандарын хабарлады.

Голландия Ұлттық Әуежолы компаниясынан (KLM) жасалған мәлімдемеде мың 500 кісінің уақыттық келісімі жаңаланбайтыны, 2 мың қызметкердің келісіммен жұмыстан шығарылатыны, компанияның түрліше органдарында жұмыстағы мың 500 кісінің жұмыс келісімі күшінен қалдырылатыны білдірілді.

Мәлімдемеде "Голландия Ұлттық Әуежолы компаниясының жұмысты жөнге салу уақыты ұзақ жалғасады және жағдай тұрақсыз" деп көрсетілді, қажетті жағдайда жұмыстан шығарудың артатыны да хабарланды.

Компанияның ұшақ рейстерінің жылдың екінші ширегінде 15 пайыз, ағымдағы ай 30 пайыз болғаны білдірілген мәлімдемеде жұмыстан шығару және әлеуметтік жобаларды орналастыру ниетімен жұмысшылар ұйымдарымен кездесуді сұрағандары атап көрсетілді. 

Голландия үкіметі әлем көлемінде 33 мың қызметкері бар Голландия Ұлттық Әуежолы компаниясына (KLM) жаһандық саяхат шектемелеріне себеп болған коронавирус індетінде ұшыраған зияндарын қамдау мақсатымен 3.4 миллиард евро құтқару жәрдемі берілетінін хабарлаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар