Түркия мен Италия фирмалары бірге жұмыс істейді

Сауда министрі Рухсар Пекджан Түркия және Италия фирмаларының  көптеген секторда бірге жұмыс істеуге болатынын білдірді.

1464678
Түркия мен Италия фирмалары бірге жұмыс істейді

Сауда министрі Рухсар Пекджан Түркия және Италия фирмаларының  көптеген секторда бірге жұмыс істеуге болатынын білдірді. 

Сауда министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда министр Пекджан Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майомен екі ел арасында өткізілетін Ортақ экономика және сауда комитеті жиналысы қарсаңында видеоконференция арқылы сөйлесті. 

Ортақ экономика және сауда комитеті  дайындық жиналысында екі ел арасындағы экономика, сауда, логистика, тасымалдау және мердігерлік сынды  тақырыптар қолға алынды.  

Екі жақты кездесуден кейін екі елден 121 іскердің қатысуымен жеке секторға бағытталған бір жиналыс ұйымдастырылды. 

Пекджан жиналыстағы сөзінде Италияның Түркияның Еуропадағы маңызды сауда ортақтарының бірі және ең үлкен 4-шi экспорт нарығы болғанын баяндады. 

Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо да екі ел іскерлерінің үшінші елдердегі ынтымақтастығы үшін өте үлкен әлеуетке ие екенін білдіріп, осы әлеуетті жүзеге асыру үшін екі мемлекеттің органдарының жұмыстарының өте маңызды екенін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар