Анталияға бір аптада 27 мың 83 шетелдік турист келді

Үлкай Атмажа: "Анталияға 5 шілдеде ұшақ рейстерімен 9 елдің 36 қаласынан қонақ келді. Бұл Анталия үшін үлкен табыс" деді.

1452269
Анталияға бір аптада 27 мың 83 шетелдік турист келді

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы сақтық шаралары арқылы сенімді демалыс мүмкіндіктерін ұсынған Анталияға бір аптада 27 мың 83 шетелдік турист сапарлай келді.

Теңіз, құм және күн нұрымен бірге каньондары, тарихи және туристік мекендерімен танымал Анталия жаңа қалыпқа түсу процесінде Қазақстан, Беларусь және Украинаны қамтыған көптеген елден келген туристерге үй иесі болуда. 

Өткен ай 21 мың 44 шетелдік турист келген қалаға 1-7 шілде арасында 27 мың 83 шетелдік турист келді. Мұның арасында 10 мың 498 кісі украиналық туристер.

Әуежайдан күтіп алуға, келгеннен кейінгі мейрамхана, жағажай, бассейн, монша, массаж және спорт залдарына дейін барлық жерде тығыз сақтық шаралары жасалған қонақ үйлерде туристерге денсаулықты туризм қызметі беріліп жатыр.

Украина нарқымен жанданған туризм ұшақ рейстері басталғаннан кейін келіп жатқан туристерді күтуде.

Кәсіптік Қонақ үй лауазымдылары қоғамының төрағасы Үлкай Атмажа Түркияда коронавирус басталған наурыздан бері шілде айында шетелден келген ұшақтар ел ішіндегі ұшақ рейстерінен асқанын айтты.

Үлкай Атмажа:

"Анталияға 5 шілдеде ұшақ рейстерімен 9 елдің 36 қаласынан қонақ келді. Бұл Анталия үшін үлкен табыс" деді.   



Ұқсас жаңалықтар