Түркияның Ресейге жеміс-жидек пен көкөніс экспорты артты

Ресейге 397 миллион 171 мың  987 долларға  507 мың 143 тонна жеміс-жидек пен көкөніс экспорт етілді.

1451289
Түркияның Ресейге жеміс-жидек пен көкөніс экспорты артты

Түркияның Ресейге жеміс-жидек пен көкөніс экспорты артты. 

Түркиядан осы жылдың алғашғы жартысында Ресей Федерациясына жасалған жеміс-жидек пен көкөніс экспорты өткен жылғы бірдей мезгілмен салыстырғанда  32 пайыз артып, 397  миллион 171 мың 987  долларға көтерілді.

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағының мәліметіне қарағанда Түркиядан Ресейге 2020 жылы  қаңтар мен маусым айларында 1 миллиард  787 миллион 321 мың  219  долларлық экспорт жасалды. 

Ресейге осы маусымда жасалған экспортта жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бірінші орын иеледі. 

Осы елге 397 миллион 171 мың  987 долларға  507 мың 143 тонна жеміс-жидек пен көкөніс экспорт етілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар