Ливия түрік компанияларды еліне шақыруда

Ливия премьер-министрі Файез ас-Саррадж үкімет және мемлекеттік  ұйымдарымен түрік компанияларының еліне оралуын кеңесті.

1450894
Ливия түрік компанияларды еліне шақыруда

Ливия премьер-министрі Файез ас-Саррадж үкімет және мемлекеттік  ұйымдарымен түрік компанияларының еліне оралуын кеңесті.

Ливия Премьер-министрлік баспасөз офисінен жасалған жазбаша мәлімдемеде премьер-министр Файез ас-Саррадж, Жоспарлау министрі Тахир ел-Джухейми, Орталық банк лауазымдылары және қатысты ұйымдармен бірге "Төтенше жағдайлар себепті үзіліс болған жобалардың аяқталуы аясында электр және энергия инфрақұрылымын қамтыған ливиялықтарда әсерлі де жылдам қызмет беретін жаңа жобалардың түрік компанияларымен бірге жүргізілуі" тақырыбын қолға алды. 

Файез ас-Саррадж жиналыста "Әсіресе бітпей қалған жобаларды қайтадан толықтау жекеменшік кәсіпорындардың қатысуымен екі ел арасындағы байланыстарды бекемдеудің бастамасы болмақ" деді.

Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштердің лидері Халифа Хафтерге қарасты сарбаздар 2019 жылы сәуірде астана Триполиді жаулап алу үшін бастаған шабуылдары себепті елдің электр инфрақұрылымдары ауыр зақымдалды.  Африкадағы мұнайға бай ел Ливияның халық жиі қоныстанған қаласы Триполиде күнде 8 сағатқа дейін электр берілмейді. Үкімет бұл мәселені шешу үшін түрік компанияларымен кездесулер өткізуде. 



Ұқсас жаңалықтар