"Сенімді туризм, сенімді қала" жиналысы өтті

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияда Сенімді Туризм сертификаттау бағдарламасын сол мекенде сынауға орай берілгенін айтты.

1449310
"Сенімді туризм, сенімді қала" жиналысы өтті

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияда Сенімді Туризм сертификаттау бағдарламасын сол мекенде сынауға орай берілгенін айтты.

Ерсой Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да қатысқан Анталияның Алания қаласында ұйымдастырылған "Сенімді туризм, сенімді қала" жиналысында жергілікті басшылар, туризмшілер және аудандағы шетелдіктер құрған қоғам өкілдерімен бас қосты.

Түркияда жаңа типті коронавирус індеті байқалысымен дереу және көлемді сақтық шаралары жасалғанын айтқан Ерсой Түркияның туризм қалаларындағы санды мәліметтерінің Еуропамен салыстырған ең төмен өреде екенін атап өтті. 

Министр Ерсой мыналарға тоқталды:

"Түркияда атқарылған "Сенімді Туризм сертификаттау бағдарламасы" жүйесін әрі елшіліктерге, әрі шетелдік журналистерге сол жерде сынақ жүргізу орайын бердік. Олар "Өте табысты жүйе, жан-жақты жұмыстанылған бір жүйе, біздің елдерімізде де атқарылуы үшін қолдау бересіздер ме?" деген талаптарын жеткізді." 



Ұқсас жаңалықтар