Үндістан 5.2 миллиард долларға қару алмақ

Құны 5.2 миллиард доллар болған осы қару-жарақтардың 4.1 миллиард долларлық бөлегі жергілікті компаниялардан алынады.

1447948
Үндістан 5.2 миллиард долларға қару алмақ

Үндістан 5.2 миллиард долларға қару сатып алуға қадам басты.

Үндістан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде қарулы күштердің және шекаралардың бекемделуі мақсатымен 21 дана MiG-29 қаруын Ресейден, 12 дана Sukhoi Su-30 MKI қаруын мемлекеттік ұйым ХАЛ-дан (Hindustan Aeronautics Limited) сатып алудың қабылданғаны білдірілді.

Құны 5.2 миллиард доллар болған осы қару-жарақтардың 4.1 миллиард долларлық бөлегі жергілікті компаниялардан алынады.

Үндістан 36 дана Рафале типті соғыс  ұшағы үшін 2016 жылы Франциямен келісімге келген, 6 ұшақты осы айдың соңында тапсырып алуды күтіп отыр.

Үндістанның аталмыш қадамы Қытай мен Галван қойнауында болған шекара қақтығысынан кейін басылды.

Үндістан Қытаймен дағдарыс асқынған Ладакх аймағына құрлықтан әуеге атылатын зымыран қорғаныс жүйесін, гаубицалар және танк орналастырған болатын.    



Ұқсас жаңалықтар