Түрік Кеңесі Инвестиция Қоры тенхиналық жиналысы өтті

Түрік Кеңесі Инвестиция Қоры тенхиналық жиналысы Бас хатшы Бағдат Әміреев басшылығында видеоконференция арқылы өтті.

1447336
Түрік Кеңесі Инвестиция Қоры тенхиналық жиналысы өтті

Түрік Кеңесі Инвестиция Қоры тенхиналық жиналысы Бас хатшы Бағдат Әміреев басшылығында видеоконференция арқылы өтті. 

Түрік Кеңесінің ең маңызды жобаларының бірі Инвестицмя Қорының жүзеге асырылуы мақсатымен өткізілген жиналысқа мүше елдердің экономика және қаржы министрлігінің жоғарғы лауазым иелері қатысты. 

Бас хатша Бағдат Әміреев жиналыстағы сөзінде Инвестиция Қорының Түркі әлемінің әлеуметтік және экономикалық дамуына, Түік Кеңесі мүшелері арасындағы экономикалық қарым-қатынастарының жоғарғы деңгейге көтерілуіне және мүше елдер арасындағы сауданың арттырылуына маңызды үлес қосатын талпыныстың бірі екенін білдірді. 

Инвестиция Қорының жаңа коронавирус індетінен кейін тіпті де маңызды болатынын түсіндірген Әміреев Түрік Кеңесінің ұзақ мерзімді экономикалық нысаналарының жүзеге асырылуында осы қордың орнының ерекше болатынын атап өтті. 

Инвестиция Қорының іске қосылуында қадағаланатын техникалық тақырыптарда жол картасы белгіленген жиналыста тез және ықпалды қадамдар басылуы жайлы шешім жасалды, 

Жиналыста Инвестиция Қорының мақсаты, мазмұны, қаржы көздері, пайда түсіретін секторлар және тағы басқа тақырыптар қолға алынды. 

 



Ұқсас жаңалықтар