Airbus 15 мың адамды жұмыстан шығарады

Еуропалық ұшақ кәсіпорны Airbus жаһандық операцияларында жалпы 134 мың кісіге жұмыс беріп отыр.

1447146
Airbus 15 мың адамды жұмыстан шығарады

Еуропалық ұшақ кәсіпорны Airbus мөлшермен 15 мың адамды жұмыстан шығаратынын хабарлады.

Компаниядан жасалған мәлімдемеде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің әсерлері себепті 2021 жылдың жаз айларына дейін 15 мың адамның жұмысын тоқтататындары білдірілді.

Мәлімдемеде компанияның Франциядағы операцияларында жұмыстанған 5 мың, Германиядағы операцияларында жұмыстанған 5 мың 100, Ұлыбританиядағы кәсіпорнында жұмыстанған  мың 700, Испаниядағы операцияларда жұмыстанған 900 кісінің жұмыстан шығарылатыны жарияланды.

Мәлімдемеде компанияның қалған жаһандық операцияларындағы жалпы 2 мың 300 кісінің жұмыстан шығарылатыны білдірілді. 

Компаниядан жасалған мәлімдемеде  сауда ұшақтарының соңғы айларда 40 пайыз азайғаны, 2023 жылдан бұрын індеттің алдындағы өреге жетуінің күтілмегені, 2023 жылдың соңында есін жинаудың мүмкін екені атап көрсетілді. 

Еуропалық ұшақ кәсіпорны Airbus жаһандық операцияларында жалпы 134 мың кісіге жұмыс беріп отыр. 



Ұқсас жаңалықтар