Еуроодақ 14 елге саяхат шектемесін жойды

Түркия, АҚШ, Ресей, Бразилия, Үндістан елдеріне Еуропа Одағы елдерінің саяхат шектемесі жалғасады.

1446431
Еуроодақ 14 елге саяхат шектемесін жойды

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті наурыз айында шекараларын жапқан Еуропа Одағы 1 шілдеден бастап 14 елге саяхат шектемесін жойды. 

Еуроодақ Кеңесі үшінші елдерден Шенген аймағына кіретіндерге атқарылған саяхат шектемесін өзгертуге байланысты ұсыныс шешімі жасалғанын жариялады.

Шешімде індет сақтық шаралары себепті наурызда жабылған шетел шекаралары Еуроодақ елдеріне жақын коронавирус оқиғалары анықталған Алжир, Австралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Тайланд, Турис және Урагуай елдеріне 1 шілдеде ашылды.

Қытай Еуроодақ азаматтарына саяхат үшін виза берсе, бару шектелмейді. 

Түркия, АҚШ, Ресей, Бразилия, Үндістан елдеріне Еуропа Одағы елдерінің саяхат шектемесі жалғасады.

Бұл тізім  екі аптада бір рет өзгереді.

Аталмыш шектемелер Еуроодақтан шыққанымен, әлі де өтпелі кезеңдегі Ұлыбритания азаматтарын қамтымайды. 

Мүше елдер үшін тәуелділігі болмаған шешім ұсыныс ерекшелігінде.   



Ұқсас жаңалықтар