Меркель "Бұдан бұрын болмаған экономикалық қиыншылықтарға душар болдық" деді

Ангела Меркель жаңа коронавирус індетіне орай бұдан бұрын болмаған экономикалық қиыншылықтарға душар болғанын айтты.

1446068
Меркель "Бұдан бұрын болмаған экономикалық қиыншылықтарға душар болдық" деді

Германия премьер-министрі Ангела Меркель жаңа коронавирус індетіне орай бұдан бұрын болмаған экономикалық қиыншылықтарға душар болғанын айтты. 

Ангела Меркель Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті. Одан кейін Макронмен бірге ортақ баспасөз жиналыс ұйымдастырды. 

Меркель "Бір жағынан жаңа коронавирус індетімен күресудеміз, енді бір жағынан бұдан бұрын ешқашан болмаған экономикалық қиыншылықтарға душар болудамыз. Әрі Германияда, әрі Францияда және әрі Еуропа Одағында" деді. 

Германия және Францияның бірлесе отырып, экономикалық қиыншылықтарды жеңу мақсатымен Еуропа Одағы елдері үшін бір құтқару қор құруды ұсынғанын еске салған Меркель "Еуропа болашағымыз болып табылады. Барлығымыз түрлі елдерден келдік. Бірақ береке-бірлік ішінде болсақ күшейеміз. Климат, соғыс және бейбітшілік сынды қиын тақырыптарда әлемде бір рөл ойнай аламыз" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар