Аун Израильдің су айдынында мұнай баралуын айыптады

Ливан президенті Мишель Аун Израильдің екі ел арасындағы таластағы теңіз айдынында мұнай барлауға бастауын ерекше қауіпті деп қарайтындарын айтты.

1445562
Аун Израильдің су айдынында мұнай баралуын айыптады

Ливан президенті Мишель Аун Израильдің екі ел арасындағы таластағы теңіз айдынында мұнай барлауға бастауын ерекше қауіпті деп қарайтындарын айтты. 

Мишель Аун астана Бейруттың шығысындағы Баабда Президенттік сарайында  Антакия және Шығыс Мелите Католик патриархы Юсуп әль-Абси төраға болған Ливандағы және кейбір елдердегі Понти Католик шіркеуі поптарынан құралған делегацияны қабылдады.

Израильдің екі ел арасындағы таластағы теңіз айдынында мұнай барлау іс-шараларына бастауына байланысты мәліметтерді қадағалап отырғандарын тілге тиек еткен Аун:

"Бұл өте қауіпті бір мәселе және жағдайды тіпті ушықтырады" деді.

Ливан президенті Мишель Аун елінің су айдынына бағытталған шабуылдарға рұқсат бермейтіндеріне назар аударып:

"Әсіресе оңтүстік су айдындарындағы  Ерекше Экономикалық аймақтағы мұнай мен газ блоктары және Ливан жақында мұнай барлайтын 9-шы Блокке шабуылдарға рұқсат бермейміз" деп көрсетті.

Ливан жергілікті баспасөзі Израиль ақпаратын негіз еткен хабарларында Тель-Авив әкімшілігінің екі ел арасындағы таластағы 9-ші Блок су айдынында мұнай мен газ іздеу жұмыстарын мақұлдағанына байланысты хабарлар шыққаны білдірілді.  



Ұқсас жаңалықтар