Иран Каск кемежайынан мұнай экспорт етеді

Рухани аймақтық дағдарыстың ортасында қалған Ормуз  бұғазының орнына Оман шығанағындағы Каск кемежайынан мұнай экспорт ететіндерін айтты.

1443414
Иран Каск кемежайынан мұнай экспорт етеді

Иран президенті Хасан Рухани аймақтық дағдарыстың ортасында қалған Ормуз  бұғазының орнына Оман шығанағы жағасындағы Каск кемежайынан мұнай экспорт ететіндерін айтты. 

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда Рухани 1000 километрлік Горе-Каск мұнай құбыр желісінің беташарындағы сөзінде елінің мұнай экспорты үшін қолданған Ормуз бұғазының аймақтық дағдарыстың ортасында қалғанына назар аударып:

 "Иран жоба арқылы бұдан былай Ормуз бұғазына тәуелді болмайды "деді.

Рухани наурыз айынан бастап күндік бір миллион баррель шикі мұнайды Оман шығанағы жағасындағы Каск кемежайынан экспорт етуді жоспарлағандарын білдіріп:

"Бұл жоба тек экономикалық жақтан ғана емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да маңызды жоба.  Жоба арқылы мұнай алушылар Ормуз бұғазы жабылса да, бізден мұнай алатындарына сенеді" деп көрсетті.

Басра мен Оман шығанақтарын өзара жалғайтын Ормуз бұғазы әлемдегі энергия өнеркәсібінде стратегиялық маңызға ие. Тегеран әкімшілігі аймақтағы дағдарыстың орталығы Ормуз бұғазындағы үзілістің Орта Шығыстан мұнай экспорт ететін ондаған елмен бірге Үндістан мен Қытайға жасайтын әсеріне де назар аударуда.

Әлемде мұнайға ең бай ел Иран АҚШ-тың тек тарапты санкциялары себепті мұнай сатуда ауыр қиыншылыққа ұшырауда.



Ұқсас жаңалықтар