Түрік валютасына сенетіндер табысқа жетеді

Министр Албайрак "Биржа Стамбул" 100 индексінің жоғары бағыт алғанын мәлімдеді.

1442407
Түрік валютасына сенетіндер табысқа жетеді

Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак твиттер парақшасынан "Биржа Стамбул" көрсеткіштерінің жоғары бағыт алғанын мәлімдеді.

Мәлімдемесінде араларында Германия, Франция, Қытай және Ұлыбритания сияқты елдердің биылғы биржа көрсеткіштері орын алған кестелерге де орын берген Албайрак «Биржа Стамбул жаңа жылдан бері инвесторлардың қызығушылығын арттырып, өсу процесін қадам қадам жалғастыруда. 2020 жылы шығындарын кері қайтарған санаулы биржалардың бірі болдық. Түрік лирасы мен түрік фирмаларының өсуіне сенетін барша табысқа жетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар