4 500 адам жұмыстан шығарылады

Swissport Ұлыбританияда жұмыс істейтін 4 500  қызметкердің жұмыстан шығарылуы үшін келіссөз жүріп жатқанын білдірді.

1442423
4 500 адам жұмыстан шығарылады

Швейцарияның халықаралық әуежайы қызметтері компаниясы Swissport Ұлыбританияда жұмыс істейтін 4 500  қызметкердің жұмыстан шығарылуы үшін келіссөз жүріп жатқанын білдірді. 

Swissport басшысы Джейсон Холт компанияның құламай қалуы үшін жұмыстан шығару керектігін айтты. 

Ұлыбританияда коронавирус эпидемиясымен күрес үшін жүргзілген карантин шаралары себебімен елдің авиация секторына қиын кезең туды. Бұдан бұрын елдің беделді авиакомпанияларының бірі  British Airways  12 мың, Ryanair 3 мың, EasyJet 4 500 адамның жұмыстан шығарылатынын хабарлаған болатын. 

Ұшақ және мотор өндірушісі Rolls-Royce  болса 9 мың адамның жұмыстан шығарылатынын білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар