Түркияның таза жеміс-жидек экспорты 20 пайыз өсті

Улудағ Таза жеміс-жидек экспортшылары одағы мәлімдеме жасады.

1440022
Түркияның таза жеміс-жидек экспорты 20 пайыз өсті

Түркияның жеміс пен көкөніс экспорты қаңтар-мамыр айлары арасында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 20 пайыз өсті.

Улудағ жеміс пен көкөніс экспортшылары одағы Сovid-19 эпидемиясының жаһандық азық-түлік нарығына маңызды өзгерістер енгізгенін, Түркияның бұл жағдайды өз мүддесіне айналдырғанын білдірді.

Одақтың жазаша мәлімдемесінде «Түркия жағрафиялық түрғыдан Еуропаға 2-3 күндік транспорттық қашықтықта және қалаған өніміне өте жеңіл қол жеткізе алу мүмкіндігіне ие. Біз әрі Еуропа, әрі Ресейге өте жеңіл өнім жеткізе аламыз. Скандинавия елдері де соңғы жылдары біз үшін жақсы бір нарыққа айналды. Сонымен бірге жеміс пен көкөніс алдындағы ең маңызды нарық Таяу Шығыс нарығы» денілді.



Ұқсас жаңалықтар