Сараево-Стамбұл ұшақ рейстері басталды

Түрік Әуе Жолдарының Сараево-Стамбұл ұшақ рейстері 3 айдан кейін қайта басталды.

1440391
Сараево-Стамбұл ұшақ рейстері басталды

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті тоқтап қалған Түрік Әуе Жолдарының Сараево-Стамбұл ұшақ рейстері 3 айдан кейін қайта басталды.

Қалыпты өмірге өту қадамдары аясында 21 маусым күні басталған Түркия сапарлары Босния және Герцеговинаның астнасы Сараеводағы Халықаралық әуежайда қарбаластық туғызды.

Вуско Сараево Тур операторлары қоғамының төрағасы Мирза Омергозич Түркияға ұшақ рейстерінің қайта басталғанына ерекше қуанышты болғандарын жеткізді.

Мирза Омергозич:

"Әуе Жолдарының коронавирустан бұрын Босния және Герцеговинаға аптада 20 ұшақ рейсі бар еді. Қалыпты өмірге өту процесі аясында аптада үш мәрте ұшатын болады" деді. 



Ұқсас жаңалықтар