Автомобиль саудасын арттырған жалғыз ел

Коронавирус эпидемиясы көптеген секторға теріс әсер етті.

1439890
Автомобиль саудасын арттырған жалғыз ел

Түркия биыл қаңтар-мамыр айларында 2019 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда Еуропада автомобиль саудасын арттырған жалғыз ел болды.  Сауда көрсеткішінде Еуропаның 24 елін артта қалдырды. 

Коронавирус эпидемиясы көптеген секторға теріс әсер етті.  Әсіресе автомобиль ең көп зиян көрген секторлардың басында келеді.  Эпидемияның жағымсыз әсерлері жаһандық деңгейде автомобиль өндірісі мен саудасына да ықпал етуде. 

Пандемия автомобиль саудасында Еуропада көп шығынға жол ашты.  Еуропамен салыстырғанда вирустың Түркияда кеш байқалуы және дер кезінде қолданылған сақтық шаралары автомобиль саласының Түркияда құламай қалуына септігін тигізді. 

Еуропа автомобиль нарығы биылдың алғашқы бес айында 2019 жылдың сол кезімен салыстырғанда 42,8 пайыз азайды. Түркия автомобиль саласы болса 21,7 пайыз артты.



Ұқсас жаңалықтар