Цитрус тектес жемістердің экспорты рекорд жаңартты

Ресей Федерациясына жылдың алғашқы 5 айлық мерзімінде 118 миллион 748 мың долларлық экспорт жасалды.

1437092
Цитрус тектес жемістердің экспорты рекорд жаңартты

Цитрус тектес жемістер ең көп экспортталған Ресей Федерациясына жылдың алғашқы 5 айлық мерзімінде жүзеге асқан сыртқы сауда өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 47% артып, 118 миллион 748 мың долларға ұласты.

Өткен жылы қаңтар-мамыр айлары арасында 143 мың 35 тонна цитрус текті жеміс саудасымен 80 миллион 698 мың доллар табыс түскен Ресейге биылдың бірдей мерзімінде экспорт артты.

Биылдың бірдей кезеңінде  Ресейге экспорттаған 197 мың 216 тонналық цитрус текті жемістермен ел экономикасына 118 миллион 748 мың долларлық шетел валютасы келді.

Өнімдік тұрғыдан Ресейге 83 мың 119 тонна мандарин 50 миллион 790 мың долларға, 41 мың 483 тонна апельсин 21 миллион 572 мың долларға және 40 мың 241 тлнна лимон да 30 миллион 826 мың долларға экспортталды.

Экспорттың қалған бөлігін басқа цитрус өнімдері құрады.



Ұқсас жаңалықтар