Бес айда 6 миллион долларға шай саттық

Түркиядан қаңтар мен мамыр айлары кезеңінде 87 елге 1639 тонна шай экспорты жасалды. Осы экспорттан 6 миллион 379 мың 810 доллар кіріс кірді.

1436549
Бес айда 6 миллион долларға шай саттық

Түркияның ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында шай экспорты 6 миллион 379 мың 810 долларға жетті.

Экспорт өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 47.5 пайыз артты.

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағының мәліметіне қарағанда Түркиядан қаңтар мен мамыр айлары кезеңінде 87 елге 1639 тонна шай экспорты жасалды. Осы экспорттан 6 миллион 379 мың 810 доллар кіріс кірді.

2019 жылы осы мезгілде 1380 тонна шай экспортынан 4 миллион 307 мың доллар табыс табылған болатын. 

Бельгия, Германия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы ең көп шай экспорт етілген елдер болды. 

Бельгияға 556 тонна шай сатылып, 2 миллион 298 мың 393 доллар табыс табылды. Шай мөлшері 288.9 пайыз, құны 328.6 пайыз артты. 

Германияға 903 мың 165 долларлық, Солтүстік Кипр Түрік Республикасына 583 мың 798 долларлық шай сатылды. 



Ұқсас жаңалықтар