Ресейге 288 миллион долларлық жеміс-жидек сатылды

Түркиядан Ресей Федерациясына биылғы қаңтар мен мамыр айларында 288 миллион 926 мың 327 долларлық жеміс-жидек пен көкөніс экспорт етілді.

1434288
Ресейге 288 миллион долларлық жеміс-жидек сатылды

Түркиядан Ресей Федерациясына биылғы қаңтар мен мамыр айларында 288 миллион 926 мың 327 долларлық жеміс-жидек пен көкөніс экспорт етілді. 

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағының мәліметіне қарағанда 2020 жылы  қаңтар мен мамыр айларында Ресей Федерациясына 396 мың 449 тонна жеміс-жидек пен көкөніс экспорт етілген.

Өткен жылғы ұқсас мезгілде осы елге 229 миллион 774 мың 830 долларға 314 мың 569 тонна жеміс-жидек пен көкөніс экспорт етілген болатын. 

Ресейге жеміс-жидек пен көкөніс экспорты құны жағынан 25.7 пайыз және мөлшері жағынан 26 пайыз артты.

Ресейге мандарин, лимон мен қызанақ ең көп экспорт етілді.

Ресейге алғашқы 5 айда 83 мың 119 тонна мандарин экспортынан 50 миллион 790 мың 424 доллар табыс табылды. 

Ресейге 50 миллион 545 мың 520 долларға қызанақ, 30 миллион 826 мың 218 долларға лимон сатылды.



Ұқсас жаңалықтар