Түркия 9 айда 294 мың тонна жаңғақ экспорт етті

Түркиядан 9 айда 1 миллиард 964 миллион 965 мың долларлық жаңғақ экспорт етілді.

1428290
Түркия 9 айда 294 мың тонна жаңғақ экспорт етті

Түркиядан 9 айда 1 миллиард 964 миллион 965 мың долларлық жаңғақ экспорт етілді.

Қаратеңіз Жаңғақ экспортшылар одағынан жасалған жазбаша мәлімдемеде 2019-2020 жылғы экпорт кезеңінде 2019 жылы 1 қыркүйек пен 2020 жылы 31 мамыр арасында қалыпты таза жаңғақтың 100 килограмы орташа 762 доллардан сатылғаны білдірілді.

Аталмыш кезеңде 294 мың 303.6 тонна жаңғақ экспорты жасалды. 1 миллиард 964 миллион 965 мың 163 долларлық пайда табылды. 

Экспорттың 229 мың 492.5 тоннасы Еуропа Одағы елдеріне жасалды.

Қалған елдерге 18 мың 397.5 тонна, теңізбен жалғасқан елдерге 31 мың 754.2 тонна және басқа елдерге 14 мың 659.4 тонна жаңғақ сатылды. 

Түркия өткен жылы ұқсас мезгілде 232 мың 584 тонна жаңғақ экспортын жасап, 1 миллиард 355 миллион доллар пайда тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар