Түркияның қызанақ шырыны экспорты артты

Қызанақ шырыны экспорты өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 45 пайыз артып  67 миллион долларға көтерілді.

1423222
Түркияның қызанақ шырыны экспорты артты

Түркиядан осы жылдың алғашқы төрт айында жасалған қызанақ шырыны экспорты өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 45 пайыз артып  67 миллион долларға көтерілді. 

Эгей экспортшылар одағынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркияда өндірілген көкөніс өнімдері осы таңға дейін 100-ге тарта елге экспорт етілді. 

Жаңа коронавирус індеті процесі бойынша көкөніс экспортының артуы тоқталған жоқ. 

Осы секторда назар аударған ең басты өнімі  болса қызанақ шырыны болып табылады. 

Қызанақ шырыны экспортында 46 миллион 517 доллармен Ирак бірінші орынды иеледі. 

Одан кейін ретімен 5 миллион 600 мың доллармен Германия екінші және 3 миллион 46 мың доллармен Жапония үшінші болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар