SunExpress маусымда ұшақ рейсін бастайды

SunExpress қажетті сақтық шараларын жасағаннан кейін 4 маусымнан бастап ішкі желідегі рейстерді сатылы түрде бастайтынын хабарлады.

1423421
SunExpress маусымда ұшақ рейсін бастайды

Жаңа типті коронавирус Сovid-19) індеті себепті ел іші мен шетелге ұшақ рейстерін тоқтатқан SunExpress қажетті сақтық шараларын жасағаннан кейін 4 маусымнан бастап ішкі желідегі рейстерді сатылы түрде бастайтынын хабарлады.

SunExpress-тен жасалған мәлімдемеге қарағанда жолаушылар мен ұшақ экипаждарының денсаулығы мен қауіпсіз саяхаты үшін ұлттық және халықаралық денсаулық сақтау, авиация ұйымдарымен ынтымақтастық ішінде қажетті барлық шараларды жасау арқылы ұшақ рейстерін бастайды.

Мәлімдемеде көзқарасы білдірілген SunExpress жетекшісі Макс Ковнацкий:

"Кездейсоқ өзгерістер болмаса, Измир мен Анталияны әрі Түркия, әрі Еуропадағы ең көп түйінге жалғаған әуежолы компаниясы ретінде 4 маусымда ішкі желідегі ұшақ рейстерімізді сатылы түрде бастаймыз" деді. 

SunExpress жетекшісі Макс Ковнацкий:

"Түрік туризм тасымалының негізгі күші ретінде туристік ұшақ рейстерін маусым ортасынан кейін бастауды жоспарладық. Алайда бұл елдердің өзара саяхат шектемелеріне қарай белгіленеді. Түркия сияқты коронавируспен күресті жақсы табыспен жалғастырған елдерде маусым ортасынан кейін туристік ұшақ рейстерін бастауды үміт етеміз" деп көрсетті.

Орталығы Түркияда тұратын әуежолы компаниясы SunExpress Түркияның танымал туристік аймақтарынан Еуропаға түрлі ұшақ рейстерін ұйымдастырады.



Ұқсас жаңалықтар