Анадолыдан қаңтар мен сәуірде 189 елге экспорт жасалды

Шығыс Анадолы Экспортшылар одағына мүше компаниялар қаңтар мен сәуір айлары арасында 189 елге экспорт жасады.

1423018
Анадолыдан қаңтар мен сәуірде 189 елге экспорт жасалды

Шығыс Анадолы Экспортшылар одағына мүше компаниялар қаңтар мен сәуір айлары арасында 189 елге экспорт жасады.

Түркия Экспортшылар Мәжілісі мен Шығыс Анадолы Экспортшылар одағы санды мәліметтеріне қарағанда 4 айдағы экспорт 546 миллион 797 мың долларға жеткен.

Шығыс Анадолы Экспортшылар одағының қаңтар мен сәуір айлары арасындағы экспортын елдер арасында салыстырғанда 112 миллион 978 мың доллармен алғашқы орынды Ирак иелеген.

37 миллион 968 мың долларлық экспортпен Әзірбайжан-Нахчыван екінші орында. Одан кейінгі тізім 37 миллион 913 мың доллармен Германия, 19 миллион 539 мың доллармен Иран және 13 миллион 425 мың долларлық экспортпен Ливия ретінде тіркелді. 



Ұқсас жаңалықтар