Еурокомиссия 1 триллион евролық экономикалық құтқару пакеті дайындауда

Еурокомиссия төраға орынбасары Валдис Домбровскис тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1420228
Еурокомиссия 1 триллион евролық экономикалық құтқару пакеті дайындауда

Еурокомиссия жаңа тип коронавирустың (Сovid-19) экономикаға болымсыз ықпалымен күрес үшін 1 триллион евродан астам құтқару фонды құруды ұсынуға дайындалады.

Еурокомиссия төраға орынбасары Валдис Домбровскис Еуроодаққа мүше елдердің экономика және қаржы министрлерінің видео конференциялық жиналысының артынан мәлімдеме жасады.

Домбровскис Еурокомиссия шұғылданған құтқару пакеті бағдарламасының егжей-тегжейінің 27 мамыр күні жарияланатынын атап, «Нысанамыз жүздеген миллиард евролық емес, триллион евродан асатын қаржы күшіне ие бір құтқару бағдарламасына қол жеткізу» деді.

Құтқару бағдарламасында әртүрлі инвестициялар және құрылымдық реформалардың орын алатынын атап көрсеткен Домбровскис бағдарламаның мүше елдерге бағытталған кері қайтарымсыз қаржы жәрдемдері мен нәсиелерді қамтитынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар