Ердоған су қоймасының бетін ашты

Ылысу су қоймасының экономика жылдық қосатын есесі 2.8 миллиард лира болуы күтілуде.

1420030
Ердоған су қоймасының бетін ашты

Түркияның Оңтүстік шығыс Анадолы жобасы аясында салынған Ылысу су қоймасы Гидроэлектр станциясының алты турбинасының алғашқысы рәсіммен қызметке ашылды.

Видео конференция арқылы рәсімге қатысқан президент Режеп Тайып Ердоған:

"Ылысу су қоймасынан есетін бейбітшілік, бауырластық, байлық және тыныштық самалы ғасырлар бойы осы территорияда өзін көрсететін болады" деді.

Ылысу су қоймасының экономика жылдық қосатын есесі 2.8 миллиард лира болуы күтілгенін айтқан Ердоған:

"Су қоймасында жиналған сулар жақында салынатын Жизре су қоймасына ағызылып, әрі 1.1 миллиард киловатсағат энергия өндіріледі, әрі 765 мың гектарлық егіншілік алаң суландырылады" деп көрсетті.

"Түркия 2002 жылы 276 су қоймасына ие болатын, Біз бұған 585 су қоймасын тағы қостық. 2020 жылдың өзінде құрылысы аяқталған 403 базаны қызметке беруді жоспарлап отырмыз" деді Ердоған. 



Ұқсас жаңалықтар