Жәрмеңкелер виртуалды ортаға шығарылады

Сауда министрлігі жаңа типті коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы процесінде кешіккен немесе тоқтаған жәрмеңкелерді виртуалды ортаға шығармақ.

1419083
Жәрмеңкелер виртуалды ортаға шығарылады

Сауда министрлігі жаңа типті коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы процесінде кешіккен немесе тоқтаған жәрмеңкелерді виртуалды ортаға шығармақ.

Сауда министрі Рухсар Пекжан күллі әлемді астаң-кестең еткен эпидемия себепті жұмыс әлемінің әрекет және байланыс мүмкіндіктерінің жаһандық өреде шектелгенін, сауда жәрмеңкелерінің кешіккенін немесе тоқтатылғанын айтты.

Осы процесте электрондық сауда әдістерінің және интернет сауда платформаларының маңызды күйге келгенін тілге тиек еткен Пекжан виртуалды жәрмеңкемен қатысушы компанияларды және өнімдерін таныстырудың бұл фирмалар мен алушылар арасында электронды семинар және екі жақтылы кездесулер мен панель сияқты сауда дамуларына бағытталған іс-шараларының 7 күн, 24 сағат интернет платформасына шығатынын білдірді. 

Рухсар Пекжан 1-3 маусымда аяқкиім мен тері шаруашылығы жәрмеңкесі  "Shoedexpo"-мен басталатын виртуалды жәрмеңкелердің 22-26 маусымда жергілікті және ұлттық интернет арқылы іске асырылатын "Agrivirtual-Виртуалды  егіншілік машиналары жәрмеңкесімен" жалғасатынын хабарлады. "Agrivirtual-Виртуалды  егіншілік машиналары жәрмеңкесімен" қонақтар жәрмеңке алаңын үш өрелі тамашалау мүмкіндігімен қамдалады. Компаниялар қонақтарға телефон арқылы шұғыл хабарласу және көрініспен кездесу мүмкіндіктерін беретінін де айтқан Пекжан 4 тілде аударма қызметі берілетін жәрмеңкеде 100-ден астам егін шаруашылық машиналары экспортшысы 300-ден астам жаһандық алушының басын қосатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар