Новак пен Селман телефонда сөйлесті

Ресей Энергия министрі Новак мен Сауд Арабиясы Энергия министрі Селман жаһандық мұнай нарқындағы соңғы оқиғаларды кеңесті.

1416812
Новак пен Селман телефонда сөйлесті

Ресей Энергия министрі Александр Новак мен Сауд Арабиясы Энергия министрі Абдулазиз ибн Селман жаһандық мұнай нарқындағы соңғы оқиғаларды кеңесті. 

Ресей Энергия министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Александр Новак мен Абдулазиз ибн Селманның телефонда сөйлескені білдірілді.

Мәлімдемеде тараптардың Ресей мен Сауд Арабиясының жаһандық мұнай нарқында тұрақтылықты сақтау мен нарықтың тепе-теңдікке қайта жетуін жылдамдату тақырыбындағы тәуелділіктерін бекемдегені хабарланды.

Мәлімдемеде екі министрдің "Әлемдегі басқа жауапты өндірушілердің" өндірісті ерікті түрде азайтуға бағытталған талпыныстарын да талқығаны атап көрсетілді.

Сауд Арабиясы лидер болған OPEC  және Ресейдің басшылығындағы OPEC-тен сырт шикі мұнай өндіретін кейбір елдер 1 мамырдан бастап жалпы шикі мұнай өндірісін 2 ай бойынша күндік 9.7 миллион баррель азайтуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар