Туристер 2 миллиард доллар жұмсаған

Туристер Түркияда аяқкиім мен киім үшін 574 миллион 630 мың доллар жұмсады.

1409329
Туристер 2 миллиард доллар жұмсаған

Түркияға келген шетелдік туристер мен шетелде тұратын азаматтардың биылғы алғашқы ширекте ішіп-жеу және транспортқа төлеген қаражаты шамамен екі миллиард доллар болды. 

Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда, қаңтар-наурыз айларында демалу үшін Түркияға келген туристер 3 миллиард 564 миллион 760 мың долларды жеке бастың мұқтаждықтары үшін жұмсаған.  536 миллион 445 мың долларды пакет тур үшін жұмсаған. 

Туристер Түркияда аяқкиім мен киім үшін 574 миллион 630 мың доллар жұмсады. Осы кезеңде туристер қонақүй үшін 486 миллион 420 мың доллар,  медицина үшін 187 миллион 955 мың доллар төлеген. 

Ал 133 миллион 841 мың долларды басқа тауарлар үшін төлеген туристер порт қызметтері үшін 5 миллион 065 мың доллар жұмсаған. 



Ұқсас жаңалықтар