Еуроодақ 10 елге жәрдем атады

Еуропа Одағы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті 10 елге 3 миллиард еуролық макро қаржылай жәрдем дайындап жатыр.

1403566
Еуроодақ 10 елге жәрдем атады

Еуропа Одағы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті 10 елге 3 миллиард еуролық макро қаржылай жәрдем дайындап жатыр.

Еуропа Одағы комиссиясы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің экономикалық әсерін жеңілдему мақсатымен түрлі елдерге қаржылай қолдау беруді қамтыған ұсыныстың қабылданғанын хабарлады.

Шешімге сай, Албанияға 180 миллион еуро, Босния Герцоговинаға 250 миллион, Грузияға 150 миллион,  Иорданияға 200 миллион, Косовоға 100 миллион, Молдавияға 100 миллион, Черногорияға 60 миллион, Солтүстік Македонияға 160 миллион, Туниске 600 миллион және Украинаға 1.2 миллиард еуролық макро қаржылай жәрдем беріледі. 

Еуроодақ төңірегіндегі елдерге экономикалық дағдарыс кезеңінде макро қаржылай қолдауларын жасап келеді. 

Еуроодақ қорлары аталмыш елдердің қалыпты шарттарда нарықтан алатын несиелерінен тіпті лайықты төлеу шарттарын белгілейді.

Аталмыш қолдаудың Еуропа Парламенті және Еуроодақ кеңесі тарапынан да мақұлдануы керек.



Ұқсас жаңалықтар