Сovid-19 Еуропада 59 миллион жұмыс орнына қауіп төндірді

Сovid-19 індетінің Еуропа елдерінде 59 миллион кәсіпорынға қауіп төндіргені мөлшерленді.

1402015
Сovid-19 Еуропада 59 миллион жұмыс орнына қауіп төндірді

Халықаралық кеңес компаниясы McKinsey жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің Еуропа елдерінде 59 миллион жұмыс орнын қауіпке ұшыратқанын хабарлады. Түрліше компаниялар мен мемлекеттік ұйымдарға ақылшылық қызметін беретін McKinsey жаңа типті коронавирус  індетінің Еуропадағы жұмыстануға әсеріне байланысты еңбектерін жариялады.

Аталмыш еңбекте Сovid-19-дың халық денсаулығы дағдарысы екені ескертіліп, індетке қарсы жасалған сақтық шараларының  жұмыс орындары мен қызметкерлер үшін ауыр зардап туғызғаны және  экономикаға зиян келтіргені атап көрсетілді.

Көптеген кәсіпорында экономикалық іс-шаралардың тоқтауға беталуы кәсіпорындардың қаржы жауапкерліктерін орындауына қиындық туғызғаны білдірілген еңбекте белгісіздік себепті көптеген компанияның жұмыс әдісін өзгертуді ойластырғаны атап өтілді.

Сovid-19 себепті Еуропада миллиондаған жұмысшының жұмыс сағаты азайғанына, ақысыз демалыс немесе жұмыстан шығару болып жатқанына назар аударылған еңбекте:

"Сovid-19 дағдарысының Еуропада 59 миллион жұмыс орнына  қауіпке төндіргенін мөлшерлеудеміз" деп айтылды.

Бұл санды мәлімет Еуропада жалпы жұмыстың 26 пайызын ұстайтыны білдірілген еңбекте індеттің алдағы айларда Еуропаның жұмыссыздық мөлшерін екі есеге көтеретініне меңзелді.

Еңбекте Сovid-19-дан ең ауыр әсерге ұшыраған кәсіпорындардың қызмет өту саласы, сауда, азық-түлік, құрылыс, өндіріс және офис қолдау жұмыстары деп тіркелді.   

 



Ұқсас жаңалықтар