Ресей экономикасы вирустың ықпалында

Путин: "Ресейдегі бөлшек сату саудасы сәуірде 35 пайыз азайды" деді.

1398162
Ресей экономикасы вирустың ықпалында

Ресей президенті Владимир Путин  жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен бірге елдің экономикасы мен компаниялардың ауыр қысым астында қалғанын айтты.

Путин астана Мәскеуде ел экономикасына байланысты лауазымдылармен видеолы конференция жолымен өткізген жиналыста бағаландырулар жасады.

Коронавирус (Сovid-19) індеті себепті төмендеген талап әрі Ресей, әрі басқа елдер үшін өте сезімтал мәселе екеніне меңзеген Путин: "Ресейдегі бөлшек сату саудасы сәуірде 35 пайыз азайды. Бұл сонымен бірге нарықтың қаншалықты жылдам кішірейгенін көрсетті" деді.

Елдегі маңызды банктерде жаңа несиелердің де шұғыл түрде төмендегенін айтқан Путин: "Бұл жағдай компанияларды сасқалақтатты. Алайда мұның үкімет үшін ұқсас сасқалақ туғызбауы керек" деп көрсетті.

Жаһандық экономикада болғанындай, Ресей экономикасында да қиындықтар кездескеніне меңзеген Путин:

"Орыс экономикасы мен компаниялар қысым астында қалды. Коронавирус індеті саудаға және жұмыстануға нашар әсер жасады және жасауда. Алайда біздің дағдарысқа қарсы қажетті жолдарымыз бен байлықтарымыз бар. Осы қаржы көздерін ең ықпалды түрде пайдалануымыз керек" деді.



Ұқсас жаңалықтар