«Үлкен апаттан бері ең ауыр экономикалық дағдарыстың есігіндеміз»

IMF төрайымы Кристалина Иванова Георгиева баяндама жасады.

1395076
«Үлкен апаттан бері ең ауыр экономикалық дағдарыстың есігіндеміз»

Халықаралық валюта қоры (IMF) төрайымы Кристалина Иванова Георгиева жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясы себепті «Үлкен апаттан бері ең ауыр экономикалық дағдарыстың есігіндеміз» деді.

Кристалина Иванова Георгиева 2020 Көктем жиналыстары алдында «Дағдарыспен жүздесу: Жаһандық экономика үшін алдыңғы мәселелер» тақырыпты бір баяндама жасады.

Сovid-19 эпидемиясының әлеуметтік және экономикалық тәртіпті бұрын-соңды болмағандай бұзғанына назар аударған Георгиева дағдарыстың күрделілігі мен мерзімі жайлы белгісіздік бар екеніне назар аударып, «Жаһандық өсудің 2020 жылы минус болатыны қазірден-ақ белгілі. Үлкен апаттан бері ең ауыр экономикалық дағдарыстың есігіндеміз» деді.

170-ден астам елде табыстың биыл адам басына шаққанда азаятынын білдірген IMF төрайымы Африка, Латьын Америка және Азияда даму жолында және төмен табысы бар елдердің үлкен риск астында екенін мәлімдеді.

1929 жыл басталған және 1930 жылы бойынша жалғасқан «Үлкен апат» Солтүстік Америка мен Еуроодақты орталық болып нысанаға алса да, бүкіл әлемді әлсіреткен еді.



Ұқсас жаңалықтар