Зариф Трамптан Иранның мұнай жолын ашуды сұрады

Зариф елінің қажеті болған өнімдерді қамдауы үшін Трамптың Тегеранның мұнай сатуын тосудан бас тартуын сұрады.

1393309
Зариф Трамптан Иранның мұнай жолын ашуды сұрады

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф елінің қажеті болған өнімдерді қамдауы үшін АҚШ президенті Дональд Трамптың Тегеранның мұнай сатуын тосудан бас тартуын сұрады.

Джевад Зариф әлеуметтік желіден жариялаған мәлімдемесінде АҚШ-тың санкция тізіміне енгізген орыс мұнай компанияларынан тыныс алу жиһаздарын алғанына меңзеп:

"Біз санкция қойған компаниялардан тыныс алу жиһазын алуға мәжбүр қалған Трамптан садака сұрамаймыз" деді. 

Елінің "Адам және табиғи байлықтар жағынан бай" екенін дәріптеген Зариф:

"Біздің одан сұрайтынымыз Иранның мұнай және басқа өнімдерді сатуына, мұқтаж болған өнімдерін сатып алуына, ақысын төлеуіне және сатқан өнімнің ақысын алуына кедергі жасаудан бас тартуы" деп баса дәріптеді.

АҚШ әкімшілігі 2018 жылы ядролық келісімнен тек тарапты шегінгеннен кейін 2018 жылы тамызда "Иранның мұнай экспортын тоқтату"  мақсатымен Тегеранға бағытталған санкцияларды атқаруға енгізген. Осыдан кейін Иранның мұнай экспорты төмендеген болатын.

Әлемге үрей салған коронавирус індеті Иранда қазірге дейін 4 мың жан алды.

Вашингтонның Иранға санкцияларының дағдарыс кезінде де жеңілдемеуі халықаралық қоғамда талас-тартысқа себеп болып отыр.

Індеттің ауыр ықпалында қалған ел АҚШ-тың санкция тізіміне енгізген орыс компаниясынан медициналық жабдықтар импорт еткені де ортаға шықты.



Ұқсас жаңалықтар