Brent маркалы шикі мұнай нарықтарда 30,01 доллардан сатылды

Жаһандық мұнай сұранысының төмендеуі мұнай бағасының арзан болып қалуына себеп болады.

1392085
Brent маркалы шикі мұнай нарықтарда 30,01 доллардан сатылды

Brent маркалы шикі мұнайдың баррель басына шаққанда бағасы аптаның алғашқы күні халықаралық нарықтарда 30,01 доллардан сатылды.

Жаңа тип коронавирустың (Covid-19) әлемде жылдам тарауы салдарынан жаһандық мұнай сұранысы күніне 15 бен 20 миллион баррельге қысқаруы, мұнай бағасының арзандауына себеп болды.

Сондай-ақ Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы «OPEC»-пен кейбір мүше емес өндіруші елдер арасында бүгін жоспарланған видео конференция арқылы жиналыстың бейсенбі күніне қалдырылуы, Сауд Арабиясы мен Ресей арасындағы келісімсіздіктің әлі жалғасқанын көрсетеді.

Brent маркалы шикі мұнайда техникалық тұрғыдан 26,85 бен 27,11 долларлық шыдамдылық, 26,59 бен 26,33 доллар аралығының да қолдау аймағы болып қадағаланатыны білдіріледі.



Ұқсас жаңалықтар