Голландия Еуроодақты қор құруға шақырды

Голландия Еуроодаққа коронавируспен күрес қорын құруды ұсыныс етті.

1390207
Голландия Еуроодақты қор құруға шақырды

Голландия премьер-министрі Марк Рютте Еуропа Одағына денсаулық сақтау жүйесі жаңа типті коронавирустан ауыр әсерге ұшыраған елдерге қаржылай жәрдем берілуі мақсатымен жаңа бір қор қалыптастыруды ұсыныс етті.

Марк Рютте "Nieuwsuur" хабар бағдарламасында жасаған мәлімдемесінде:

"Оңтүстік Еуропамен ынтымақтастық ішіндеміз, бұған күмән жоқ" деді.

Еуроодақ Төтенше жағдайлар қорының  коронавируспен күресте қолданылуына қарсы болғандарын айтқан Рютте қорды бұл үшін қолдану "Еуроодақ жүйесіне үйлеспейді" деді.

Рютте жаңа қорға 10-20 миллион еуро мөлшерінде жәрдем жиналуын күткендерін дәріптеді.

"Аталмыш қор Еуроодақтың экономикалық жақтан әлсіреген елдеріне вируспен күрес үшін берілетін сыйлық" деді. 

Голландия коронавирустан өлім ең көп болған Италия мен Испанияны қамтыған оңтүстік Еуропа елдерінің Еуроодақ Төтенше жағдайлар қорынан сұраған экономикалық жәрдемдерін Германия мен Голландияның вето етуінен кейін   осы ұсынысты қойды.



Ұқсас жаңалықтар