Бюджет 14 миллиард 139 миллион лира артылды
Қазына және қаржы министрлігі ақпан айына тиесілі бюджетті орындау қортындысын жариялады.
Қаңтар-ақпан айларында бюджет 14 миллиард 139 миллион лира артылды.
Қазына және қаржы министрлігі ақпан айына тиесілі бюджеттің орындалуы қортындысын жариялады.
Министрлікке қарағанда ақпан айында бюджет кірісі өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 28,6 пайызға артып, 86 миллиард 136 миллион лираға жетті, ал бюджет шығындары болса 11,7 пайызға өсіп, 93 миллиард 499 миллион лира болды.
Қаңтар-ақпан айларында бюджет кірістері өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 27,1 пайызға артып, 208 миллиард 306 миллион лираны, бюджет шығыстары болса 10,6 пайызға артып, 194 миллиард 168 миллион лираны құрады.
Осылайша, орталық мемлекеттік бюджет ақпан айында 7 миллиард 363 миллион лира, қаңтар-ақпан айларында болса 14 миллиард 139 миллион лиралық бюджет артылды.
Ұқсас жаңалықтар
Силифке йогурты географиялық белгі тіркеуін алды
Бұл туралы Түркия Палаталар және биржалар одағының президенті Рифат Хисаржыклыоғлу мәлімдеді.