"Кануни" кемесі Ташужу Мерсинге жетті

Дөнмез "Кануни" атты үшінші бұрғылау кемесінің 15 наурызда Ташужу Мерсин су айдынындағы бекетіне жеткенін жариялады.

1378558
"Кануни" кемесі Ташужу Мерсинге жетті

Энергия және табиғи байлықтар министрі Фатих Дөнмез "Кануни" атты үшінші бұрғылау кемесінің 15 наурызда Ташужу Мерсин су айдынындағы бекетіне жеткенін жариялады. 

Фатих Дөнмез әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде Шығыс Жерорта теңізінде көмір сутегін барлау және бұрғылау іс-шараларын тіпті күшті жалғастыру үшін үшінші бұрғылау кемесінің 31 қаңтарда тапсырып алынып, Түркия Мұнайлары ортақтық компаниясына тіркелгенін ескертті.

"Кануни" атты кеменің қажетті жөндеу, жабдықтау және сынақ жұмыстарының Біріккен Араб Әмірліктерінде аяқталғаннан кейін Түркияға беталып жолға шыққанын білдірген министр Дөнмез:

"13 наурызда Шығыс Жерорта теңізі су айдынына кірген кемеміз жексенбі күні азанда Ташужу Мерсин су айдынында тоқтайтын бекетіне келді. Түркия Мұнайлары ортақтық компаниясының 35 қызметкерімен Түркияға кірген "Кануни" кемесіне коронавирус қаупіне орай  кіріп-шығу шектелді. Вирус бақылау тексерулері аяқталғаннан кейін кеменің күтім, жаңалау және жетілдіру процесі басталады" деді.

Министр Дөнмез "Канунидің" жаңа терең теңіздердегі бұрғылау жұмысы қысқа уақытта басталатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар