Фетхиеге ең үлкен яхта келді

Сағатына 37 километр жол басатын яхтада 20 қызметкер міндет атқарады және 16 қонақ бөлмесі бар.

1372077
Фетхиеге ең үлкен яхта келді

Әлемдегі ең үлкен яхта арасында тіркелген "Mayan Queen" жанармай алу үшін Мугланың Фетхие ауданына келіп тоқтады.

Кайман аралдары байрағын асқан 93 метр ұзындықтағы яхта кеше Фетхие кемежайына келіп тоқтады.

Алиага мұнай зауытынан  7 танкермен әкелінген 230 мың литр жанармай құрлықтан теңіздегі яхтаға құйылды. 

Күн бойы жанармай құйылған яхта жанармай құйылып болған соң кемежайдан жолға шықты.

Яхтаның 2008 жылы Германияның Гамбург қаласында жасалғаны білдірілді.

Сағатына 37 километр жол басатын яхтада 20 қызметкер міндет атқарады және 16 қонақ бөлмесі бар.  



Ұқсас жаңалықтар