Ағылшындар Мугланы қатты ұнатты

Муглаға 2019 жылы келген шетелдік турист саны 2018 жылмен салыстырғанда 16 пайыз артып, 3 миллион 266 мың 650 кісіге жетті.

1369543
Ағылшындар Мугланы қатты ұнатты

Ағылшын газеті Daily Express-тің коронавирус инфекциясы қаупі тұрғысынан демалуға болатын ең сенімді елдер арасында Түркияны көрсетуі ағылшындар қызыққан демалыс қаласы Мугладағы туризмшілерді қуанышқа бөледі. 

Daily Express газеті 10 сәуірде басталатын Пасха мерекесі демалысында шетелге шығуды жоспарлағандар үшін ұсыныс ерекшелігіндегі әлемдік картада Түркияға баруға кеңес берді.

Картада коронавирус инфекциясына қарсы ең сенімді елдер арасында Түркия да көрсетілді.

Медицина және саяхат мамандары тарапынан елдердің қауіп жағдайы мен вирустың тіркелу санына қарай сызылған картада елдердің сенімділігі жасыл түспен боялды.

Табиғи сұлулықтарымен қоса жоғары өрелі күтіп алу мүмкіндіктерімен көптеген шетелдік туристерді қонақ қылатын Мугла өткен жылы ең көп ағылшындарды күтіп алды. 

Мармарис, Бодрум және Фетхие сияқты маңызды туристік мекендерге ие Мугла ағылшындар қызығатын туристік демалыс орындары арасында алғашқы орынды иелейді. 

Қалаға туристік сапармен келген ағылшындардың көбі кейінгі жылдарда осы аймаққа келіп мекендеді.

Муглаға 2019 жылы келген шетелдік турист саны 2018 жылмен салыстырғанда 16 пайыз артып, 3 миллион 266 мың 650 кісіге жетті.



Ұқсас жаңалықтар