Кувейт пен Сауд Арабиясы бірігіп мұнай өндіруде

Кувейт пен Сауд Арабиясы бірігіп мұнай қабаттары бар тарапсыз аймақтағы Вефра алаңынан ортақ мұнай өндіреді.

1360429
Кувейт пен Сауд Арабиясы бірігіп мұнай өндіруде

Кувейт пен Сауд Арабиясы бірігіп мұнай қабаттары бар бейтарап аймақтағы Вефра алаңынан мұнай шығара бастайды.

Кувейт Мұнай министрі Халид Али Мұхаммед әл-Фадыл баспасөз мәлімдемесінде 5 жылдан кейін Вефра аймағындағы мұнай шығару жұмысының қайта басталғанын  хабарлады.

Мұнай министрі 2020 жылы Вефра алаңындағы мұнай құдықтарынан күндік 140 мың баррель шикі мұнай өндіре бастайтындарын айтты.

Фадыл Сауд Арабиясымен жасалған келісімге сай Рас-әль-Хафджи алаңындағы мұнай барлау жұмысын да бастайтындарын, бұл құдықтардан күндік 250 мың баррель мұнай өндіру жоспарланғанын, 60 күн ішінде өндірістің басталатынын білдірді.

Мұнай Экспорт ететін елдер ұйымына (OPEC) мүше екі ел қоршаған орта мәселесіне орай 2014 жылы қазанда Рас-әль-Хафджи алаңындағы, 2015 жылы мамыр айында Вефрадағы мұнай барлау құдықтарын жатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар